+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мұз еріп, тұман түсті


Балалар ақыны Сұлтан Қалиев көше бойлап келе жатса, қарсы алдынан ақын Бүркіт Ысқақов кездесе кетеді. Бұл отыз жыл «Балдырған» журналын басқарған Мұзафар Әлімбаев зейнеткерлікке шығып, орнына Тұманбай Молдағалиев бас редактор болып келіп жатқан кез екен. Бүркіт аман-саулықтан соң:

–  Сұлтан, өмірде не жаңалық бар? – деп сұрау тастайды.

–  Бәлендей жаңалық жоқ,– дейді Сұлтан. Сонда Бүркіт:

 

–  Неге жаңалық жоқ, дейсің. Отыз жыл бойғы «Балдырғанның» мұзы еріп, енді тұман түсіп жатыр дейді ғой? – депті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

346

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз