+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Тапқыр жауап


Белгілі ғалым, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин 1946 жылы Демократияшыл жастардың Бүкіл дүниежүзілік федерациясының құрылтай мәжілісіне қатысу үшін Англияға барған сапарында бір топ ағылшын:

– Сіздер неге құдай жоқ дейсіздер. Біздер, ағылшындар бұған мықтымыз. Ағылшындар дінге берік!– деп өзеуреп қоймапты.

Сонда Мәкең:

– Сіздер өздеріңізге қарсы шығып тұрсыздар!– дейді.

– Қалайша?

– Сіздердің Чарлз Дарвин деген ғалымдарыңыз болған жоқ па еді. Шамаларыңыз келсе алдымен сол кісімен дауласып алыңыздар,– деген екен сонда Мәкең.

 

Өзеуреген ағылшындардың ауыздарына құм құйылыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

585

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз