+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Тоғыспаған тағдырлар


Ахмет Байтұрсыновқа "халық жауы" деген жала жабылып, Ресейдің Архангельск қаласының іргесіндегі теңіз жағалауында жазасын өтеп жүрген кезі дейді. Ол жерде сотталушыларды ешкім желкелеп, мылтықтың ұңғысын тіреп, қинап жұмыс істетпейді. Алайда, көзі ашық, көкірегі ояу зиялылар «елді басқарып кете ме» деген ойдан жасалған Кеңес Одағының сақтығы болса керек. Тас тасыта ма, ағаш жарғыза ма, әйтеуір жұмыс жүктейді.

Бір сәт теңізде Францияның туы ілінген кеме пайда болып, жағалауға жақындапты. Айдауда жүрген бейбақтар тосын жайтқа үрпейісіп, бәрі бұрылып қарап қалған деседі. Франция кемесі, кішкене үрлемелі қайықты тастап, бірнеше матрос жағалауға жақындап, рупормен бар жететін орысшаларымен айқайлапты.

"Араларыңызда Ахмет Байтұрсынов деген қазақ бар ма?!

-Ахмет, ай Ахмет сені сұрап жатыр ғой мыналар,-депті қасындағы бірнешеуі.

-Бар,-дейді елең еткен Ахаң.

-Сізге біз теңізден арнайылап бұрылып, іздеп келдік. Негізі заң бойынша өзге елдің акваториясына кіруге болмайды бізге,- депті кеме капитаны.

-Онда неге келдіңіздер?!

- Мұстафа Шоқай салем айтып, бізге әрі өтініш, әрі тапсырма етіп еді -"ала келіңдер Ахмет Байтұрсынов деген қазақты"-деп Шоқайдың аманатын жеткізіпті.

-Алда ойбай-ай, Мұстафам-ай, ағасын іздеген екен ғой. Мен қайдан ілесе кетейін сіздерге. Мына жерде менің жаза өтейтін бірнеше айым қалды-депті. Сүйретіліп қайда барайын?!

 

-Салем айтыңдар Мұстафаға. Мен дін аманмын! Бұйыртса жолығармыз. Рахмет сендерге-,деп Ахмет Байтұрсынов жас алған беторамалын бұлғап тұрғанда түтіні будақтаған Франция кемесі су айдынында сағымға айналып жоқ болған деседі....!!!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

368

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз