+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ұлы жеңісті жақындатқан айбынды арулар

  • 13.10.2015

Ұлы Отан соғысы кезеңінде ерлермен қатар, қыз-келіншектердің саны басым болғаны рас. Тіпті, әйел адамдардан ғана тұратын арнайы жасақтар құрылған. Тарихтан қазақтың батыр қыздары деп Әлия мен Мәншүкті ғана танысақ, өзге есімдерді біле бермейміз.

 

Мәселен, 1941 жылы соғыс басталды дегеннен 9 сыныпты бітірген Дәмелі Жәкеева есімді өрімдей қазақ қызы өз еркімен рапорт жазып, майданға аттанады. Ол соғыстың соңына дейін авиация бөілімінде бомба тастайтын атқыш-радист болып қызмет етеді. Жүрек жұтқан кішкентай қыз бертінге дейін Алматы қаласында өмір сүріп, 80 жылдары дүниеден өтті.

 

Сондай-ақ, авиация бөлімінде парашютпен секіріп, қазақтың ержүрек ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова да бар. Ол Арнайы қыздардан құралған авиация полкінде орыс қыздардың арасындағы жалғыз қазақ қызы болады. Соғыста «түнгі перілер» деген атаумен әйгілі болған жауынгер қыздар түнде ғана ұшақпен көкке көтеріліп, жаудың территориясына бомба тастайды. Аса ептілікпен техника құлағында ойнаған батыр қыздар жаудың зере-құтын алған да рас. Жау тіпті түнде шылым тартуға қорыққан деседі. Аспаннан түнгі перілерді байқап қалса, бомба астында қаламыз деген үреймен болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз