+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЖАЛДАН ҚАЛҒАН ҒАРЫШКЕР...


Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің  «СТ-2К» деген жекеменшік ұшағы болған. Шұғыл шаруа шыққанда сол әуе техникасын тізгіндеп, қажет бағытына ұша береді.  Ұшу алаңына ыңғайлы жері бар бір ұжымшармен келісіп, сол жерге ұшақты қаңтарып қояды. 120 литр авиокеросинді ұшаққа құйып, таңертеңгілік ұшып шықпаққа бекінген. Ертесіне от алдырып, әуеге көтеріледі. 200 метр биіктікке көтерілгенде ұшақтың маторы өшіп қалады. Тек сынақшы –ұшқыштың ептілігімен ғана, мелшиген ұшақ қалбалақтап барып егіс арасына қонған. Қонғаннан кейін бакті ашып «түтікшесі бітелді ме» деген күмәнмен тексеріп көрген. Алайда, жеңіл ұшаққа біреу су толтырып кеткен. Түбіне ұшып көтерілетіндей әдейі керосин де қалдырған. Еңсесі түскен Тоқаң үйіне қайтып келе жатқанда қалта телефоны шырылдапты. Бейтаныс дауыс: «Әубәкіровсің  бе? Сен ештеңеге ұшыраған жоқсың ба?»-деп Тоқтардың аман екендігін білген әлгі біреу телефон тұтқасын тастай салған екен.

 

Ғаббас Қабышұлы жазушы  

«Аңыз адам» журналынан үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

770

5 comments

  • Бейсенбі, 28 Шілде 2016 22:24 Нұртас

    Керосиннің тығыздығы судыкінен аз болғандықтан ол бактың түбінде қалуы мүмкін емес

  • Сәрсенбі, 27 Шілде 2016 19:48 Қалжан

    Ажалын Аллада Қаламаған екен! Аман Жүрсін ағамыз!
    Апырмай!
    -Ал, Бізде, кім болсада, аяқтан шалу, бір қалмайды екен!

  • Бейсенбі, 15 Қазан 2015 20:26 қазақ

    Батырын қорлаған қазақ ғана шығар. Біз өзіміз батырымызға осындай қасгөйлік жасасақ басқасы не жасамайды

  • Бейсенбі, 15 Қазан 2015 16:36 Алмабек Ақтайлақұлы

    Сену де қиын , сенбеуге де болмайды. Бір жағынан Тоқаң да салақ адам ба деп қалуға болады.Екінші жағынан ұшақты қоюға алаңын Берген адам да опасыз болғаны ма дегің келеді.Сенгің келмейтіні телефон арқылы хабарласқан адам табылуы тиіс.Ол жәрияланбаған болса , қисынға келіңкіремей тұр.

  • Бейсенбі, 15 Қазан 2015 15:18 Мен

    Өтірік әнгіме

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз