+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Үкімет бұйырды, ит те ұшты ғарышқа»


2001 жылдары алғашқы ғарышкеріміз  Тоқтар Әубәкіров  Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат ретінде Қызылорда облысынан сайлауға түсті. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, екі бәсекелес кандидат арасында қызу тартыс болды. Оған бәсекелес болған Қожахмет Баймахановтың  облыста беделі де, атағы да жетіп тұрды. Қала әкімі болған Қожекең кейін Парламент Сенатының депутаты болды. Тасбөгет қыстағында өткен сондай бір  кездесулердің бірінде ел Тоқаңа тілектестігін білдіріп, космонавт баласын айналып толғанып, батасын беріп жатты. Бір кезде  осы отырысқа қатысып отырған ақсақалдардың бірі «Үкімет бұйырды, ғарышқа ит те ұшты кезінде»,-деп космонавтқа тіл тигізді. Тоқаң ол сөзді құлағымен естіді. Алайда үндеген жоқ. Естімеген адамдай әңгімесін әрі жалғап әкетті. Кейін бір кездескенде Тоқтар Оңғарбайұлынан сұрадым, «неге жауапсыз қалдырдыңыз?- деп. «Ол жерде жауап айтып, ашу шақыратын болсам, абырой таппаймын. Әдейі арандатуға бастап отырған айтақ сөз. Кімнің аузына қақпақ боламын. Ол шалды жан-жағында отырған елдің өзі сөзбен талап жұлмалай бастағанын көрдім. Сол себепті жауапсыз қалды,-деп тіл қатқан еді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

318

1 comment

  • Жұма, 16 Қазан 2015 08:26 Серик жаксыгулов

    2004 жыл болатын Алмас Алматов жауап берген оган

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз