+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Түс


Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың  бірге туған  8 апасының  алтауы  қатар шетінеп, жетінші апасы соғыс жылдарында ауылда із-түссіз жоғалып кеткен. Сол қыздардан аман қалғаны Бикен әпкесі. Тоқаңның алдында туған Қайырден де ауырып көз жұмған. Сондықтан, Тоқаңды босанғанда анасы 41 жаста, әкесі Оңғарбай 49 жасқа келген. Жалғыз қызбен қалғасын анасы ұзақ түн жылаумен өткереді екен. Түсінде бір ақсақал көңілін жұбатып «Қызым жылыма, қайғырма. Алақаныңды аш. Мә, мынаны ал, осы сенің жалғасың. Риза бол!», - деп қолына әлдебір нәрсені салып, ғайып болады. Анасы алақанын ашып қараса аппақ, әдемі көбелек отыр екен. Ұшып кете ме деп қорқып алақанын қайта жауып, кеудесіне басқанда оянып кетеді. Сөйткен Тоқтар бала күнінде қойдың омыртқа сүйегін «самолет, самолет» деп ұшырып ойнап, ер жеткен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

353

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз