+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЛЕКЕҢ АЙТҚАН ҚАЛЖЫҢНАН


Тұрмайды емес, жатпайды!

 

Бірде Қалтай Мұхамеджанов бір-екі кісімен кітап дүкеніне кіреді. Ішінде кілең қазақ қыздары екен. Қалтайдың көзіне жақсы көріну үшін жігіттердің біреуі:

 

- Қалтай Мұхамеджановтың кітабы неге жоқ? - деп сұрайды.

 

- Ол кісінікі тұрмайды ғой, - деген екен қыздардың біреуі.

 

- Айналайындар-ау! Ол кісінікі тұрмайды демеңдер, ол кісінікі жатпайды деңдер, - деп сөздерін түзетеді Қалекең.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

508

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз