+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қара күш иесі

  • 16.10.2015

Балуан Шолақтың  азан шақыртып қойған аты – Нұрмағанбет. Бала кезінде саусағын үсітіп алғандықтан, ел оны еркелетіп «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Нұрмағанбеттің шыққан тегі  Ұлы жүздің Дулат тайпасындағы Сәмбет руы. Нұрмағанбеттің аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударып, өмірлерінің соңғы күндеріне дейін сол жерде тіршілік еткен. Балуан Шолақ та атығай, қарауыл рулары қоныстанған Көкшетау өңірінде өмір сүреді. Балуан Шолақтың әкесі Баймырза ағаш шебері, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған деседі.  «Алып - анадан» деп бекер айтылмаса керек. Ол шешесіне тартып, алып денелі батыр болған. Балуан Шолақтың ғұмыры туралы деректер мен шығармашылығына қатысты мәліметті «Өмір жолы» бағдарламасынан таба аласыздар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз