+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Киіз үйді бірге тігіп үйренейік!


Ұлтымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі бар, егер кімде-кім киіз үй көтеріп жатқан жұртты көре қалса, қолынан келгенше бір уығын болсын көтерісіп көмектескен. Бұл қазақ халқының ауызбіршілігінен шыққан асар деген ұғымды білдіреді.

Мұндай дала заңын қалыптастырған халқымыздың киіз үйді құрастыруға ерекше мән бергенін байқауға болады. Ендеше, тарихи баспанамыз болып саналатын киіз үйді қалай құрастырған? Шаңырақ көтеріп, киіз үйді тігу барысымен танысқыңыз келсе, келесі видеоға үңіліңіз. Сондай-ақ, киіз үйдің есігін неге «сықырлауық» деп атаған? Ал қазықты не үшін пайдаланған? Өзге де сұрақтардың жауабын осы жерден таба аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

557

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз