+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«СЕН АУЫРСАҢ, АУРАДЫ БҮКІЛ ҒАЛАМ....»


«СЕН АУЫРСАҢ, АУРАДЫ БҮКІЛ ҒАЛАМ....»

« -Иран-Ғайып, сен тау инженері болып не істейсің? Қаратауды қопарып, Шалқияны шалқытатын табылады мұнда да мың бір инженер. Түсінесің бе, сен ақынсың. Ұлы ақынсың. Таста ана қолыңдағы қайланы. Үш бөлмелі үйің дайын Қызылордада, шығармашылықпен айналыс,- деп балаң Иранбектің  қайласын қаламға ауыстыртқан Сырдың ардақты ағасы, өнер иелерінің панасы болған Исатай Әбдікәрімов еді. Көп ұзамай содан кейін поэзияға буырқанған Иран-Ғайып деген дүр келді. Қапияда жалғыз ұлы ажал  құшқанда, өңін ғана емес, жырларын да мұң шайып кетті.   

Жыр жазамын жат көзге бұрқыраған,

Жарақатым ішімде, сыртым аман.

Күндіз күліп жүремін көппен бірге,

Түнде сари сүйегім сырқыраған –

Кезін аңсап табысқан, шұрқырағын,-деп өз-қайғысына өзі қамалды.  

Әлгі тосын оқиға қызылордалық  режиссер  Ерғали Оразымбетов бастаған өнер адамдары Алматыда «Күшігіне таланғанды»қойылымын  қоюға келген кезде болған.  «Мұнарым екеуміз бір малды сойып, спектакльдің режиссерін, театр әртістерін күтуге дайындалып жүргенбіз. Балам ол уақытта 9-сыныпта оқитын. Мұнардың қазасынан инфаркт алдым. Ұлымның анасы Фатиманың қайғыдан ішек-қарнының бәрі жабысып қалып, іш құрылысына ота жасатты.  Фатимамен 8-сыныпта танысып, институт бітіргенде үйленгенбіз. Алтайы, Шырын, Индира деген үш қызымыз бар, ұлдан бөлек. Ұл кеткен соң шаңырағым ортасына түсіп, жылап-еңіреп мен қалдым.»

......Иран ағаға сәлем беріп, ара тұра хабарласып тұрамын. Әкем Қазимен қандай сыйлас болып еді. Жарты сөзден түсінісетін бір-бірінің ымы қандай?Жарасымды. «Ой, айналайын, асылдың сынығы- ау»,- айналып-толғанған кезде:

-«Ауырма балам,

Сен ауырсаң, аурады бүкіл ғалам»,-деп басталатын өлеңі  еріксіз есіме түседі. Амандық сұрап, тілектес болғанымен, дауысындағы діріл Мұнарының мұңына тартып кетті ме».- деп те әр сөзін үнсіз тыңдаймын.    

ЕСТЕЛІККЕ АРАГІДІК ЖЫРАУ АЛМАС АЛМАТОВТЫҢ ЕСКЕ АЛҒАН ОҚИҒАЛАРЫ АЛЫНДЫ.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

568

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз