+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Сауалға сауал


1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы түсірілген қара-ақ түсті видеокадрлерді  Тәуелсіздік күні мерекесінде телеарналар қайта-қайта көрсетеді. Қайсарлықпен сол тарихи қасіретті сәттерді марқұм режиссер Рубикжан Яхин түсіріп, видеоның сақталып қалуына септігін тигізген еді. Негізі ол кадрдерді түсіруге «Қазақстан» телеарнасының басқарма төрағасы, қоғам қайраткері Сағат  Әшімбаев  тапсырма берген екен. Осы жағдайға  сезіктенген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  чекистері Сәкеңді айналдыра бастаған. «Сіз неге 16 желтоқсан күні терезеден алаңға ұзақ үңіліп тұрдыңыз?»-деп сұрапты.  Қолын терезеге қарай көтеріп, саусақтарымен шырт еткізген Сағат аға КНБ-ның адамына «Сіз неге қарадыңыз?» деп қарсы сауал қойған. «Дыбыс шыққасын қарадым»-депті әлгі чекист. «А, а а, солай ма, ендеше алаңға адам толып, ұрандатып жатса, дауыстап айқайлап жатса  мен  неге қарамаймын?!»-деп жауабын берген. Аузына құм құйылған әлгі біреу үнсіз ұтылғанын мойындап, жөнінен кетті дейді. Азаматтағы бір төбе Сағат аға бодан қазақтың тәуелсіздігіне қарай азаматтық  қоғам, журналистика арқылы ұмтылды.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

734

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз