+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Дәстүрдің діңгегі


Бала күнінен қой сойып үйренген ағамыздың бірін қаладағы әріптесі үйіне қой союға шақырған. «Мақұл»,-деп келіскенімен Айжекеңнің көпқабатты үйде тұратыны еске түсіпті. «Ауласында сойдырмақ болған шығар» деген дүдамал оймен  келіскен уақытында ағамыз барса, әлгілер отбасымен үстеріне целофан фартук киген, қолдарында резинке қолғап, қайралған төрт-бес пышақ дайындап қойған дейді. Сөйтсе, мясокомбинаттың дайын тушасын әкеліп, «жіліктеп бер»деп айтудың орнына «қой сойып бер» деп қаланың қазағы әуреленіп жүр екен ғой. Қазір шынында да қой соятын адам аз. Безін алуда өнер, жіліктеу мен тұздау да шеберлік. Келген қонақтың  кәдесіне сай жілік, сүйек  тартуды да ұмыта бастадық. Сондықтан қанша жаһандану болса да, дәстүрді сақтауға ұлт болып атсалысқан абзал!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

400

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз