+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жақсының аты өлмейді


Желтоқсан оқиғасына байланысты әлі күнге ашылмай келе жатқан ақиқат көп. 30 жылға жуық уақыт өтсе де, жартылай жабулы қазан жабулы күйінде келе жатыр.Оның да уақыты келер.  Кеңестік идеологияның айтағына еріп, жастарды айыптаған «ардақты ақсақалдарымыздың» көбі әлі күнге жер басып жүр. Осы кезеңде  жастарға жақ болып, қасқайып саясатқа қарсы тұрған екі адам болса соның бірі академик Салық Зиманов еді. 1987 жылы 11 сәуірде Ұлттық саясат және интернационалдық тәрбиенің өзекті мәселелері жайында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып, мұнда да Зимановтың дауысы жарқын шықты. Ол сөз сөйлеушілердің тізімінде жоқ еді. Себебі, биліктің ыңғайына жығылып, бәйек болатындардың санатынан емес. Бұл түсінікті еді. Алайда, төрде отырған дөкейлер атақты ғалым сөз сұрап еді, берді. Мінберге көтерілген академик Зиманов күн тәртібіндегі мәселенің көкейкестілігін айта келе, Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысының жасаған баяндамасында қазақ жастарына қаратып, “іріп-шіріген ұлтшылдық”, “ақылсыз жастар”, “бұзақылар” деген сөз тіркестерінің негізі жоқ, жала екенін табан тіреп тұрып дәлелдеп берді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

436

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз