+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ФИЛЬМГЕ ДУБЛЯЖ ЖАСАҒАНДАР......

  • 17.10.2015

Мұхтар Бақтыгереев.  Бұл кісіні қазірде көпшілік жыға тани қоймаса да, «Қазақфильм» студиясының  дубляж жасалған фильмдерде аты-жөнінің айтылумен ел  жадында  қалған. «Фильмді дубляж жасағандар Зәмзагүл Шәріпова,  Атакелді Смайлов, Мұхтар Бақтыгереев, Фарида Шәріпова»,-  деп әйел дауысымен айтылатын қатқыл үн әркімнің есінде. Мұхтар аға өмірдегі ғашығы Марияш екеуі сахнада  қос ғашықтың рөлдерін ойнап, Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің шырайлым менің» туындысымен аға ұрпаққа танылды. Айтматовтың  өзі  қос актердің шеберлігіне тәнті болып алғысын айтқан. Алайда, көз тиді ме, сөз тиді ме,  жол апаты Марияшты бел омыртқадан жазым етіп,  асыл жары ұзақ қиналып барып көз жұмды. Мәкең жарына соңғы демі біткенше адал болды. Сөйте жүріп жігерлене жұмысын істеді. Өз ғұмырында Мұхтар Бақтыгереев алпыстан аса кинофильмді дубляждап, ел арасында «Дубляж патшасы» атанып кеткен.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір. Театр. Кино»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз