+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖЫРТЫЛ, ҚАЗАҚ ЖЫРТЫЛ!


Ұлттық мәселеде өзбектер қазаққа есе жібермейді. Дәстүріне мығым, ұлттық тілінде ғана сөйлейді. Үлкенге ілтипат жасау барлық өзбекке тән қасиет болып қалыптасқан. Еліне инвестор кіргізуді қатаң шектеп тастаған.Сапалы-сапасыз болсын 90 пайыз тауарды өздері өндіреді және тұтынады. Бірде бір топ өзбектің құрылысшы жігіттерімен кездесіп, олардың осы ерекшеліктерін айтқанымда, мақтаныш сезімі билеп қоқиып, қоттиланып қалған. «Бір айыбы бар өзбектердің»,- дедім. Бәрі елең етіп құлақтарын түре түсті. «Сіздерде жақын-жуықтар бірінің қызын біріне, мысалы ағасының қызына, қарындасының баласын үйлендіріп, олардың балалары сал аурына ұшырып,  ұлт денсаулығын бүлдіріп жатырсыздар» дедім. «Бар енді ондай бізде» деп естілер-естілмес жауап қатты. "Тико"(шағын ғана жігітке қасындағылар солай ат қойып, айдар тағыпты) дейтін бойдақ бір өзбектің жігіті салған жерден «Ендеше, қазақтың қызын алса қалай болады?» деді. Біртүрлі қандасыңды қимайды екенсің. «Тілін тапсаң Африкадағы негр қызды да жар етіп аласың» деп едім, әлгі Тиконың көзі баждиып, көз алдына ерні қалың, қап-қара негрдің қызы елестеп кетті ме түрі бұзылыңқырап кеткен. Қасындағы жігіттер ананың эмоциясына қарады да, топан күлкіге кенелді.Бауыржан Ибрагимов айтқан мына қалжыңға  да құлақ түре отырыңыз!        

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

524

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз