+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Алматыдан сөйлеп тұрмыз!

  • Сәрсенбі, Қазан 21 2015

Диктор – радионың өзіне ғана тән, дүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға. Ол хабар дайындаушы редактор мен радио тыңдаушының арасындағы дәнекер.

«Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» - деп бастайтын қазақ дикторы Әнуар Байжанбаевты білмейтін жұрт кемде-кем. Оның радиодағы әсерлі үнінің күші әр тыңдаушының жүрегіне жететін. Ол әлемге аты әйгілі диктор Юрий Левитаннан кейін 1945 жылғы Жеңіс бұйрығын қазақ тілінде тұңғыш рет эфирге оқыған жан.

Академик-жазушы Сәбит Мұқанов Ә. Байжанбаев жөнінде: «Әй, осы Әнуарбек оңды, оқығаны дұрыс, ол оқыса солғын шығарманың өзі торғын жібектей құлпырады», - деген екен.

Ол жастайынан тек Сәбит Мұқанов қана емес, басқа да белгілі ел ардақтылары, оның ішінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Тайыр Жароков, Жұмағали Сайынмен таныс-біліс еді.

Бірде жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы публицистикалық мақаласын Әнуарбек Байжанбаевқа радиода оқуын ұсынады. Бұл оқиғаны күміс көмей диктор былайша еске алады:

«Баукең әдеби дүниені өзі де әдетте құлпыртып оқитын еді. Сонда да жаужүрек батыр ұланның мақаласын менің оқуымды қалағаны өзімді қатты тебірентіп, көңілімді өсіріп жіберді. Батыр аға сенімін қалай әдемі ақтап шықсам екен деп біраз дайындалдым. Еңбек зая кетпеді. Мақала оқылысымен-ақ, Баукең дереу телефон соғып:

- Жарайсың, Әнуарбек, өз мақалама өзімнің сай-сүйегім сырқырап кетті ғой. Көп жаса! Понятно тебе, - деді.

Назарларыңызға Қазақ радиосының дауылпаз дауыс иесі Әнуарбек Байжанбаевтың эксклюзивті фотосуреттерін ұсынамыз.

 

 

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаев

 

 

Қазақ радиосының дикторлары: отырғандар (солдан оңға қарай) Мина Сейітова, Зәмзагүл Шәріпова, Қатира Әзімбаева; түрегеп тұрғандар: Әнуарбек Байжанбаев, Мұқағали Мақатаев, Асман Дүйімбаев

 

Әнуарбек Байжанбаев пен Зәмзагүл Шәріпова

 

 

Ә. Байжанбаев авторлар арасында

 

 

Қазақ радиосының белгілі дикторы Сауық Жақанова

 

 

Ә. Байжанбаев Қазақ радиосы студиясында қонақта

 

 

Ә. Байжанбаев жас дикторлар арасында

 

 

Дикторлар Ә. Байжанбаев пен С. Жақанова кезекті хабар оқу жөнінде пікір алысуда

 

 

Қазақ радиосының дикторлары: отырғандар (солдан оңға қарай) Хурият Мусаева мен Лидия Борисовна Тюльменко; түрегеп тұрғандар: Сауық Жақанова, Сина Вагнер, Тамара Ок Эн

 

 

 Қазақ радиосының дикторлары Сауық Жақанова, Әнуарбек Байжанбаев, Мәмбет Сержанов және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нина Смирнова

 

 

 Дикторлар З. Костюкова, Ә. Байжанбаев, М. Сейітова

 

 

Ә. Байжанбаев Қазақ радиосы дикторлары арасында

 

 

Қазақ радиосының коллективті Бірінші Май демонстрациясының жүргізілген репортаждан кейін

 

 

Мақала Сүлеймен Ақтаевтың «Дауылпаз дауыс» кітабынан алынды

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2372





Пікір қалдырыңыз