+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАУЫРЛАРЫНАН КӨЗ ЖАЗЫП ҚАЛҒАН БАҒЛАНОВА....


Роза Бағланова әке-шешесі болғанымен, детдомда өскен. Балалық шағы ашаршылыққа тұспа-тұс келгесін әкесі «өліп қалмасын» деп ұлы Шәкіманды, қызы Рәзияны және қарындасы Әсілбекті Қазалыдағы детдомға өткізген. Розаның азан шақырып қойылған  аты Рәзия. Шәкіман мен Әсілбек детдомнан қашып шығуды ұйымдастып, Рәзияны  да алып шықпақшы болады. Алайда тәрбиеші татар әйел әлгі екеуді Рәзияға жолатпай қойған.  Арада үш жыл өткенде барып анасы детдомнан бүлдіршін қызды тауып алады. Масқара болғанда кішкентай Роза анасын танымаған. Содан анасы ағасының, апаларының атын атап, әкесін айтқанда ғана еңіреп жылап жіберді дейді. Интернаттағы үйірмеде ән айтып, бастауыш сыныпқа барыпты. Анасы алып кетуге бекінгенде қатарластары «7 сыныпты бітіріп, біржола ауылыңа орал» деп кеңес бергесін детдомда қалған. Ауылдағы отбасында да киерге киім, ішерге тамақ болмағасын қалдыруды ұйғарыпты. Сөйтіп жүргенде Розаны біреулер асырап алып, Ташкентке алып кеткен дейді.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1054

1 comment

  • Жұма, 23 Қазан 2015 14:17 gulnara

    keremet apamız eskasan umutılmaıdı

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз