+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Балуан Шолақ нағашы жұрты үшін басын неге тікті? (ВИДЕО)


Қазақтың маңдайына біткен алапат күш иесі, әйгілі палуан, ақын, композитор Балуан Шолақ туралы қызықты дерек.

Бірде Тоқсанбай деген кісі ауылында ас береді. Осы асқа атынан ел шошыған қыпшақтың бір түйе палуаны келіп, керейлер жақтан оған тең келер батыр табылмапты. Осы кезде намыстанып ортаға шыққан жас жігіт Нұрмағамбет Баймырзаұлы: «Өзім Үйсін болғанмен, Керейдің қызынан туғанмын. Түйе палуанмен мен күресемін!», - деп бата сұрайды. Сол күресте жеңген ол Балуан Шолақ атанып, есімі дүйым жұртқа танылады. Оны палуанның мына өлең жолдарынан байқауға болады:

-Нағашым Жалпақ Қанай деп айтады,

Болады Ұлы жүздік арғы затым.

 

Жауырыны жерге тимеген батыр туралы бұл деректі төмендегі видеодан көре аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

2028

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз