+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Маған ғашық болмасаң, боласың!» (ВИДЕО)


Әрбір адам баласының ең тәтті естелігі – алғашқы махаббат емес пе? Міне сол жастық шақта өлең атты құдірет Нәзігүл Мергенбаеваны жас ақынға ғашық етеді. Бұл болашақ ақын Жарасқан Әбдірашев пен ақынның болашақ жарын табыстырған ғажайып сырлы өлеңнің құдіреті еді.

 

Өлеңі көңіліне қонған жыр иесін іздеп барып, бір көруді қыз жүрегі шын қалайды. Ақынның студенттік жатақханасына қанша іздеп барса да, Нәзігүл қыз оны таба алмайды. Күндердің күнінде студенттер поэзия кешіне жиналады. Сол кеште Жарасқанның жанары Нәзігүлге жарқ етіп түседі.

 

Осы кезде кербез де бұрымы ұзын сұлу қызға беті безеу, қолдан тігілген көйлегі бар сары жігіт жанына жақындап: «Қарындас, сіз өлең оқисыз ба?», - деп сұрайды. Паңдана бетіне қарап, жауап бермеген қызды көрген ол беті қызарып кетіп қалады.

 

Нәзігүл қыз шабыты тасқындаған жас ақын Жарасқанды саңқылдаған даусымен мінберге шығып, өлең оқығанда ғана өзі іздеген жігіт екенін бір-ақ біледі.

 

Кейіннен қайта кездесіп қалған сәтте Нәзігүл қызға Жарасқан ақынның «маған ғашық болмасаң, боласың» деген бір ауыз сөзі қызды ойландырады...

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

580

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз