+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әбаға


Осыншалық кірпияз адам көрмедім. «Қан мен тер»трилогиясын  4-5 рет қайта жазып, өз жазғанына өзі көңілі толмайтын  жазушы Әбдіжәміл атаны айтамын да. Осы шығармасы арқылы әдебиеттің шыңына шықты. Тұтастай Арал өңірінің болмысын, тұрмысын, ішкі жан дүниесін қаламмен жазып, алып полотноға түсірді. Қыңыр Сүйеу қарт, Ақбала, Еламан, Мөңке образдары оқырманмен сөйлесе кететін шеберлік деңгейіне көтерілді. Жазушының мықтылығы сол, көз ұшындағы жарыққа тас түнек тоннельмен жетелей жөнеледі. Арбаласыңда қаласың. Құмығып дауысың да шықпайды. Су түбіне батып бара жатқандай, соңғы деміңді ішіңе тартып жарыққа жеткенше үзігіп, үздігіп боласың. 1960 жылдары қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы ма жоқ әлде Ә.Нұрпейсовтің «Қан мен тер» романы мықты ма?» деген зиялы ортада жарыссөз туып, жазушылар екіге бөлінген еді.  Екеуі де қазаққа керек туынды. Салыстырмалы түрде сөз салғаластырғаннан ештеңе өнбеді . Есесіне соның салдарынан кейбір жазушылар арасында алауыздық туды. Айтпағым, Әбекеңнің  шарықтау шегі, жазушылық шеберлігі осы бір туындымен кемелденгенін аңғартты. Сол аңызға айналған Әбаға бүгін 91 жасқа толыпты. Аман жүріңіз, қазақтың кемеңгер жазушысы!        

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

434

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз