+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДҮНИЕ - ҚЫЗЫЛ ТҮЛКІ БҰЛАҢДАҒАН...


1938 жылы Ленинград  мемлекеттік театр, музыка және киноматография институтын бітіріп келе салысымен  Әмина Өмірзақова Шымкентте жаңадан ашылған драма театрға жұмысқа тұрады. Аз уақыттың ішінде спектакльдерде басты рөлдерді ойнай бастаған Әминаның шеберлігіне көрермендер тәнті болады. Алайда, ол мақтау-марапат әріптестеріне ұнамай, қызғаныштан булығып жүргенде әкесі  Ерғожаның інісі Қаптағайға «халық жауы»деген жала жабылады. «Іздегенге сұраған»,  сахналас әріптестері  «Әмина Өмірзақоваға басты рөлдерде сахнада ойнау ғана емес, енді бұл театрда оған орын жоқ» деушілер көбейеді. Бақталастары өсек-аяң түтінін түтетті. Не керек, Әмина театрдан кетуіге мәжбүр болады. Алматыға келіп жұмыссыз  жүрген Әмина ағасын ақтап алу үшін НКВД-ның кеңселерін  жағалайды. Басы қатып жүргенде, біреу Мәскеуге барып,  Калининге жолығып, мәселесін айтуға кеңес  береді. Содан Мәскеуге жол тартады. Еңсесі тік, орысшасы нық, уақыт легіне сай киінген Әмина КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының кеңесесіне оңай кіреді. Қабылдау бөлмесінде табылжымай отырып алады. Калинин  шығып бара жатқан кезде: «Сәлеметсіз бе, жолдас Калинин! Мен Қазақстаннан сізге жолығуға  арнайы келіп едім, бір-ақ минутқа қабылдаңызшы»,-деп жыламсырайды. «Кабинетке кіріңіз»,-деген М.И. Калининнің сөзін естіген Әмина ілесе кіреді. Сөйтіп, Калинин Қаптағай ағасының аты-жөнін жазып алып, ақ болса босатпаққа уәде береді. Көп ұзамай ағасы түрмеден босап шығады. Әмина Алматыда біршама жұмыссыз жүріп, кейін киностудияға монтажер болып жұмысқа орналасады.             

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

607

2 comments

  • Сенбі, 28 Мамыр 2016 17:41 күләш

    Өзінің қолынан түк келмесе де, дарынның жолын қиюға дайын көреалмастар Әмина сынды керемет таланттың өміріне араласқаны өкінішті-ақ. Бірақ бар өмірін өнерге арнаған ірі тұлға Әмина апай қазақ өнерінде теңдесі жоқ актриса екенін танытты ғой. Ол ерлік. Оның бейнесі әлі көз алдымызда, халық жүрегінде сақталып қала беретіні сөзсіз. Жастардың өзі "Тақиялы періштені" көргенде мәз болып отырады. Артына өшпеш із қалдырған ерен жан ғой!

  • Бейсенбі, 22 Қазан 2015 19:42 Иран Тасқара!

    Сол кезден қалыптасқан көреалмастық әлі де тыйылмай келеді! Қазағым, кашан қоямыз, бұл қасіретті жоямыз"

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз