+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАҒАЛАСАҢ БАҚЫТЫҢМЫН....


Салымы күшті ме білмеймін, қазақтың марғасқа азаматтарының бірсыпырасына, Алаштың зиялыларының көбіне өзге ұлттың қыздары тұрмысқа шыққан. Иә, ХХ ғасырда көзі ашық, көкірегі ояу білімді азаматтардың көбі Уфадағы «Ғалия» медресесі мен Қазанда, Санкт-Петербургте  білім ала жүріп, болашақ жұбайларын тапқан. Ахмет Байтұрсыновтың жары Александра Ивановна, Мұстафа Шоқайдың жары Мария Яковлевна, Әлихан Бөкейхановтың жары Елена Яковлевна Севастьянова, Қонаевтың зайыбы Зухра Шариповна Ялымова. Бұл тізімді тізбектей берсең кете береді. Әрине  мықтылардың оқыған-тоқыған ортасынан жар таңдауы заңдылық. Десе де, олардан көп ұрпақ қалмады. Қалса да, қалың орыстың арасына тез сіңісіп, жоғалып кетті.Енді бір қызық жері ол дәстүр жалғасты болды дейміз бе жоқ әлде ортасы солай болғаннан амалсыз үйленді дейміз бе,қазіргі өте жоғарғы деңгейдегі кейбір лауазым иелерінің жарлары татардан болмаса еврейден болып шығады. Тізбелеп қайтейін, жеке өмірлері ғой.....

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

809

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз