+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қабілетті Қасымхан

  • 24.10.2015

Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ үшін театр мен Шанин әулетінің біте қайнасып кеткені сондай, олар егіз ұғымдай қабылданатын дәрежеге жетті. Осы Шанин әулетінен өсіп-өнген Қасымхан Шаниннің  театр тарихында өзіндік соқпақ жолы, алтын әріппен жазылған аты қалды. Шоқан Уәлихановтың болмысын сахналап, спектакльге шыққанда талантты актерге таң қалмаған көрермен қалмады.  Өте білімді, ізденімпаз Қасымхан Жаяу Мұсаның ұмыт қалған әндерін тірнектеп жүріп жинап, халық әншісінің мұрасын тірілтті.  Негізі, Қасымхан кез-келген рөлді ойнауға бейім тұратын қабілетімен ерекшеленді. «Төлегеннің ариясын айтып Төлеген, Бегежанның диалогын айтып Бекежан болып сахнаға сүңгіп кете беретін еді»,- дейді әріптестері. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір. Театр. Кино»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз