+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қылмыстың үлкені


Айнар Төлегенқызы Айбергенова:

«– …Менiң әкем, расында да, отыздан аса бере дүние салды… Осы сұхбат барысында бiр құпияны ашайын. Әкем өз ажалынан өлген жоқ. Ол қастандықпен өлтiрiлдi… Мұны негiзсiз айтып отырған жоқпын. Әкем қайтыс болғаннан кейiн жетi-сегiз жыл өткенде бiздiң үйге Қарақалпақстаннан екi-үш адам анамды iздеп келген. Олар: «Сiз күйеуiңiздiң өлiмiне қатысты iс қозғатыңыз. Бiз ақынды кiм өлтiргенiн айтып беремiз. Олар күйеуiңiздiң iшiп отырған шарабына стекловата салып берген. Сөйтiп, ақынды қасақана өлтiрген. Бiз шындықты бiлемiз. Қылмыстыларды қазiр ұстамасақ, кейiн кеш болады. Олар Қазақстанға көшiп кеткелi жатыр», – деген. Сонда анам: «Мен қазiр бiреудiң бала-шағасын асырап, үйiнiң көзқуанышы болып жүрген азаматын желкелеп, темiр тордың ар жағына жiбергенiммен Төлеген қайтып тiрiлiп келмейдi. Оның үстiне арада бiршама уақыт өттi. Бәрiн бiр Құдайға тапсырдым. Қастандық iстегендер де жазасын бұл дүниеде тартпаса, о дүниеде тартар. Сондықтан, екiншi маған мұндай нәрсенi айтып келмеңiздер. Басқаға да бұлай деп айтушы болмаңыздар!» – деп, қайтарып жiберген. Бiз, әрине, ол уақытта баламыз. Әлгi кiсiлердiң анамды iздеп келгенiн, әкеме қастандық жасағандарды ұстап бермек болғанын, анамның ескi жараның аузын тырнағысы келмей, оларды қайтарып жiбергенiн анамыздың аузынан естiп жүрдiк. Әрине, бiзге емес, үйде үлкен кiсiлермен әңгiме үстiнде айтып отыратын. Сонда келген қонақтарға шай дайындап, дастархан жинап жүрiп, құлағымыз шалып қалады ғой. Артынан бойымызға сыймай: «Неге соңын ашпадыңыз? Неге әрекетсiз қалдыңыз?» деп сұрайтынбыз. Бiрақ, анамыз: «Қой!» деп, бiздi тыйып тастайтын. «Сен неге сөз тыңдап жүрсiң? Бала емессiң бе? Үлкендердiң сөзiне құлақ салма және араласушы болма!» деп ұрсатын. Бұл тақырыпта сөйлескiсi де келмейтiн. Сөйтiп, ақыры анам осы құпияны өзiмен бiрге көрге алып кеттi….»

 

«Астана ақшамы» газетінен үзінді

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

913

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз