+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Берік Исмаилов: Димашты ешқашан көрмесем де, байқаудағы киімін 3 күнде тігіп бердім (ВИДЕО)


Елімізге танымал дизайнер, көптеген әншілердің сахналық киімін жасап, сән мен талғамды қатар алып жүрген Берік Исмаилов халықаралық «Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергеновтың сахналық киімін 3 күнде бітіріп берген.

Әншіні өз көзімен не тірілей, не теледидардан көрмеген ісмер тек ауызша айтылған өлшем бойынша асыға тігеді.

 

Күнделікті елімізде болып жатқан концерт емес, алып байқау, халықаралық деңгейдегі ел намасын қорғап, сынға түсетін байқау! Әншінің әні мен дауысы, бойы мен келбетіне қарай жарасымды етіп киім тігу – үлкен жауакершілік. Осы жауапкершілікті мойнына алған сәнгер еш саспастан тапсырылған жұмысты әдем атқарады. Димаштың аталмыш байқауда бас жүлдені жеңіп алғанын жұрт жақсы біледі. Алайда, байқауда қатысушының өнері ғана емес, сахналық образы да бағаланатынын бірі білсе, бірі біле бермес...

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

506

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз