+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Журналистердің әкесі


Ұзақ жылдар КАЗГУ-дің журналистика факультетінің деканы болған ғалым, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожекеев туралы аға буын журналистер небір хикаят айтады. «Қатал болатын, жатаханада темірдей тәртіп орнататын. Талапшыл еді. Сөйте тұра, жатаханада жатып оқыған ауыл балаларына әкедей қамқорлық жасады», - дейді. Соның нәтижесінде көптеген сауатты, білімді журналистердің шоғыры өсіп шықты. Осы орайда, Темкең туралы тележурналист Қайнар Олжайдың естелігіне көз жүгіртелік.

 

– Екі мыңыншы жылдардан беріде қолына диплом алған журналистердің кәсіби шеберлігі өте төмен. Бізге ренжімесін, ренжісе өздеріне диплом берген жоғары оқу орындарының сол кезде жөнсіз журфак ашқан немесе журфактағы білім сапасын Темірбек Қожекеев дәуірінен кейін қожыратып алған ректорларына өкпелесін. Қазіргі ақпарат құралдарындағы журналистика пресс-релиз деңгейінде деп білеміз. Демек, сол пресс-релизді дайындаған кеңсе қызметкері мен оны көшіріп басқан газет қызметкерінің арасындағы кәсіби деңгейде еш айырмашылық жоқ. Сегіз, он алты беттік газеттерден ауыз толтырып оқитын ештеңе таппау – өкінішті. Кезіндегі жур­факта мектеп бітіріп, студент атанғандарға бірер курс бойы «Қазіргі қазақ тілі» деген пән жүретін. Талғат Сайрамбаев сынды керемет ғалымдар оқытатын. Бір үтір қоймай кетсеңіз – «екі», бір сөйлемді синтаксистен дұрыс құрмасаңыз – «екі». Міне, бізді сауатты журналист еткен сол кездегі деканымыз Темірбек Қожакеев жарықтық еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1895

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз