+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Роза Рымбаева туралы 10 факт

  • Сәрсенбі, Қазан 28 2015

Бүгін, яғни 28 қазан қазақ примадоннасы, Қазақстанның алтын дауысы, белгілі әнші Роза Рымбаеваның туған күні. 1975 жылдан бері есептегенде сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 40 жыл толуына орай, жуырда мерейлі қуанышын мерекелік концерт беруімен атап өтпек.

Біз арнамыздың атынан Роза Қуанышқызын туған күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға ерекше талант иесінің өмірінен алынған 10 деректі ұсынамыз.

 

 

1

1975 жылы алғаш рет сахнаға шықты.

 

 

2

Әншінің халықаралық деңгейде танымал болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады.

 

 

 

3

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады.

 

 

 

4

Әншілік өнері анасынан дарыған.

 

 

5

Розаны алғаш сахнаға шығарып, продюсері болған өзінің марқұм жары, Әли мен Мәдидің әкелері – Тасқын Оқапов.

 

 

6

1979 жылы «Қазақконцерт» бірлестігінің жанынан құрылған «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі атанады.

 

 

 

7

1982 жылы «До свидания, Медео» совет-чехословак фильмінде басты рөлді сомдайды.

 

 

8

Роза Қуанышқызының екі ұлы – Әли Оқапов мен Мади анасының ізін қуып, өнер жолын таңдады. Екеуі де музыкалық мектеп бітірген.

 

 

9

Тасқын Оқаповтың туған ағасы мен жеңгесі өмірден ерте озып, олардың Әлия мен Мәншүк есімді екі қызын Роза Рымбаева қолына алып, асырайды. Яғни, бүгінде өзінің 2 ұлын есептегенде, 4 баланың анасы атанып отыр.

 

 

10

3 рет депутаттыққа сайланады, алайда өзінің жолын саясатта емес, өнерде екенін айтып, бас тартады.

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2519





1 comment

  • Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 14:07 gulaisha

    tygan kuniniz kytti bolsin, shigarmashilik tabis,kajirli kairat, densaylik tileimin. sahnanin rozasi bop jure beriniz.

Пікір қалдырыңыз