+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Сотталған» ән-күйлер


«Естімеген елде көп. 1929 бен 1933 жылдар арасында қазақтың мұңын, қайғысын, аштықтан қабырғасы қайысқан қасіретін айтқан ән-күйлер ресми түрде сот процесі арқылы айтылуға тыйым салынған. 1933 жылы 200-ден астам ән-күй ресми түрде сотталған. Ол әндерге «Кеңестік идеологияға қайшы, бұлар феодализмді, қазақтың ескілік өмірін аңсайды, партияның саясатына қайшы» деп айып тағылған. Олардың орындаушылары да істі болды, абақтыға қамалды. Жүсіпбек Елебековтің өзі 37-ші жылғы дүрбелеңде әзер аман қалған. «Қанат талды» деген «сотталған» әнді орындағаны үшін айып тағылған. Шолақ белсенділер оған да тиісіп «Мына жасампаз заманда қанат неге талады? Сен коммунистік заманның қанаты талды деп отырсың» деп тиіскен. Сөзін Қазақ драма театрының директоры Орынбек Бековке қайта жаздырғанымен, ән зарлы ескі нұсқада айтылып қалып жүрді. Сол ән "сотталғаннан" кейін,  1956 жылға дейін орындалмай келген».

 

Саясаткер, тарихшы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» кітабынан үзінді. Әнші Ерлан Төлеутайдың сұхбаты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

511

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз