+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Кім айтты «Қара жорға» қазақтікі емес деп?!...


Осыдан 3-4 жыл бұрын Қытай Үкіметі «Қара жорға» биімен Шынжан-Ұйғыр автономиялы ауданында 13 мың адамды орталық алаңда билетіп, «Гиннес кітабына» енгізілгелі елімізде осы биді дәріптеу өздігінен күшейе түсті.Неге? Этнографтар бұл бидің қазақ тарихында жойылып кетуге қарағанынын айтады. Мәселен, Атырауда бұл бимен (белгілі жазушы-журналист Мереке Құлкеновтың анасы) Талшын Қарабалина 1945 жылы билеген.Белгілі қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің мәдениет министрі  Өзбекәлі Жәнібековте өмірінің соңына дейін билегенін «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлы, белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Еркөбек растайды.Сексенге келген Семейлік кейуана Тоқтаған Қырықбаева ағайын –туысына «Қара жорға апа» атанып, әлі күнге той-томалақта билейді.  Павлодардағы «Мойылды» санаториясы емдеу бағдарламасына осы «Қара жорға» биін әлдеқашан қосқан. Дәрігерлер«Остеохондроз» сырқатын емдеуге бұл буын биі бірме-бір дейді.Түркиялық дәрігерлер де бұны емдеу жүйесінде қолданады. Қытай елі СУАР-да ресми түрде мектеп бағдарламасына гимнастика ретінде кіргізген. «Қара жорғаны» 70 жыл билеп, осы өнерінің арқасында 57 мемлекетті аралаған Арыстан Шәдетұлы Алматы облысында тұрады.  «Қара жорға» моңғолдарда да бар. Бірақ біздің «Қара жорғамыздың» тарихы моңғол биінен әріде жатыр. «Қара жорға» биінің тарихы XII ғасырдан арыға кететін көрінеді. «Оның өзге туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті сол, оны билеген сәтте адамның барлық буындарының қозғалысқа енуі», – дейді елімізге осы биді алғаш дәріптеген Арыстан қажы Шәдетұлы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

538

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз