+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Майдандағы «Түнгі перілер» (ВИДЕО)


Ұлы Отан соғысы кезеңінде ерлермен қатар, қыз-келіншектердің саны басым болғаны рас. Тіпті, әйел адамдардан ғана тұратын арнайы жасақтар құрылған. Тарихтан қазақтың батыр қыздары деп Әлия мен Мәншүкті ғана танысақ, өзге есімдерді біле бермейміз.

 

Мәселен, 1941 жылы соғыс басталды дегеннен 9 сыныпты бітірген Дәмелі Жәкеева есімді өрімдей қазақ қызы өз еркімен рапорт жазып, майданға аттанады. Ол соғыстың соңына дейін авиация бөілімінде бомба тастайтын атқыш-радист болып қызмет етеді. Жүрек жұтқан кішкентай қыз бертінге дейін Алматы қаласында өмір сүріп, 80 жылдары дүниеден өтті.

 

Сондай-ақ, авиация бөлімінде парашютпен секіріп, қазақтың ержүрек ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова да бар. Ол Арнайы қыздардан құралған авиация полкінде орыс қыздардың арасындағы жалғыз қазақ қызы болады. Түнде ғана ұшақпен көкке көтеріліп, жаудың территориясын бомбалайтын қыздарды немістер «Түнгі перілер» деп атаған. Аса ептілікпен техника құлағында ойнаған батыр қыздар жаудың зере-құтын алғаны да рас. Жау тіпті түнде шылым тартуға қорыққан деседі. Аспаннан «Түнгі перілерді» байқап қалса, бомба астында қаламыз деген үреймен болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1151

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз