+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әрқилы ырғақпен айтылатын ән


Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері ғашығының  жаны қаламаған адамына ұзатылу ақынның  мұң-шерін домбыраның қос ішегімен көмейден шығып, әйгілі "Сырымбет" әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма. Мысалы:

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

Бидайыққа лайық қарағым-ай,

 Бөктеріге қор болып барасың ба?

"Қарындасым, енді есен бол! –   деген жолдардың өзінен ақын жаны қанша қиналса да, азаматтық ағалық көңілмен сүйген адамына аман-саулық тілейді. "Сырымбет" әні – Ақан шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы. Бұл әнді білмейтін кісі аз. Ақан суреттеген бейнелер Шығыс поэзиясында кездесетін қыздардың романтикалық сипатымен ұқсас келуі, оның шығыс әдебиетін жақсы білгенін көрсетеді.

P.S Ілияс Жансүгіровтің жуырда  атақты «Құлагер» поэмасы  неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен "Büchergilde" (Германия) баспасында басылып шықты. Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын "Құлагер" поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде өткен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

455

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз