+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Пәк кеткен перзент


 «Бұл екі әңгімені марқұм шешем айтып еді. – Ашаршылықтан есеңгіреген халық қалаға барсақ тіленіп күн көреміз деп арқаланып, балаларын жетектеп жаяулап, кейбірі жетіп, кейбірі жете алмай бала-шағасымен жолда өліп кеткен. Соның бірі, бізге ағайын болып келетін жеңгеміз екі қызымен қалаға жетеді. Үлкені 3 жасар, кіші қызы емшекте. Базарда бір-екі күн қайыр сұрап жүріпті, бірақ жарытып тамақ болатындай ештеңе таба алмаған соң, осы екі қыздың біреуін көп халықтың ортасына тастап кетейін, біреу болмаса біреу асырап алар деп ойлайды. Қайсысын қалдыруын білмей, екеуін де қимай екі күн жүрген соң үлкен қызы «апа, нан бер» деп жылай берген соң, «мына қыз есін біліп қалды, нан сұрай алады, емшектегі қыз тамақ сұрамайды, өзім бірдеңе ғып өлмесем сүтім де жарайды» деп. көпшіліктің ортасына қызын тастап қашады. Сонда жұрт ортасында анасынан адасып қалған қыз: «Апатай-ай, апатай.. басымдағы әй-әй орамалымды бөпемнің басына тартып кетсейші, тоңады ғой» деп зыр жүгіріп жүр дейді. Кейін осы әңгімені менің шешеме айтқан сол жеңгем «сол қызымның жылағаны әлі құлағымнан кетпейді» деп жылап отырғанын көрдік. Сол қыз сол бойы табылмай кетті...»

Төребек Тәуекелов, еңбек ардагері, Қызылорда қаласы

 

Өлкетанушы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» кітабынан 

Видеода академик Мұрат Жұрыновтың ашаршылық туралы естелігі 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

780

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз