+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АХМЕТТІ АЖАЛҒА ҚИҒАН АДАМ....


«Алашорда iсiне» қатысты адамдардың кейiнгi тағдырлары әрқалай «қалыптасты». Бiрақ олардың барлығы да өз өмiрлерiн түрмеде аяқтады. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов 1930 жылы 4 сәуiрде ату жазасына кесiлiп, ол жаза он жылға жер аударылумен алмастырылды. Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынов Беломор-Каналда айдауда болып, Қызыл Крест қоғамының көмегiмен 1934-1935 жылдары Алматыға қайтып оралды. Арада екi жыл өтiсiмен, 1937 жылы қарашада Ахмет Байтұрсынов НКВД-ның Алматы облыстық басқармасы коллегиясының шешiмiмен қамаққа алынды. «Қайда апарасыңдар?», – деген әйелi Бадрисаның сұрағына жылдам қимылдайтын, аласа бойлы қара жiгiт: «О дүниеге», – деп жауап берiптi. «Жылтыр қараның» бұл сөзiне қарағанда, А.Байтұрсыновқа алдын-ала үкiм шығарылып қойылған. 25 ноябрь күнi «үштiктiң» қаулысы қабылданып, екiншi рет ату жазасына кесiлдi.»

ТҰРСЫН ЖҰТБАЙ «Ұраным-Алаш»кітабынан үзінді.

 

P.S «Жансарай» бағдарламасына келіп, көрерменмен кездескен тарихшы Тұрсын Жұртбай бір құпияны ақыры ашпай кетті. Ол кісі Ахмет Байтұрсыновтың обалына қалып, қайта-қайта абақтыға қамалуына себепкер болған адамның аты-жөнін толық біледі. Ол кісі де бертінге дейін еліміздің мәдениет  саласында қызмет істеп келген. Ахмет Байтұрсынов ақталғанда  әкесінің әрекеті үшін баласы Тұрсын Жұртбаймен кездескен. Видеоны мұқият қарап шығыңыз.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1127

5 comments

  • Сәрсенбі, 01 Маусым 2016 00:19 Зиба

    Мәдениет саласында аласа бойлы, пысық қара шал болды. Ол бертінде қайтты.2007 жылы. Домбырамен терме айтатын кісі.Атақты әнші, термеші.Жылпос, шапшаң қимылдайтын.

  • Сенбі, 21 Мамыр 2016 21:05 Жәнібек

    Не пара беріп, болмаса қорқытып аузын жапқан шығар

  • Жұма, 20 Мамыр 2016 22:24 Тынысбек

    Тұрсын айтпаса өзіңіз неге жазбадыңыз, білетін сияқтысыз ғой?

  • Жұма, 20 Мамыр 2016 22:24 Тынысбек

    Тұрсын айтпаса өзіңіз неге жазбадыңыз, білетін сияқтысыз ғой?

  • Сенбі, 31 Қазан 2015 13:51 Алмабек Ақтайлақұлы

    Мұны білу соншама бір қиын шаруа емес екен,онда. Дегенмен біраз шаруаның басын қайырттыратыны сөзсіз.Уақыт пен ысырап деген шығыны болмағанда.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз