+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ұрланған кітап


Бірде белгілі ақын Тоқаш Бердияров пен екі жас жігіт кездесіп қалады. Не болса саған әуес екі жас студент Тоқаш ағаны ертіп, кітап дүкеніне кіреді. Дүкенге кірген екі жігіт ақын Тоқаш Бердияровтың 10 шақты кітабын сөмкеге жалма-жан салып сыртқа шығады.

 

Ұрлығы былай тұрсын, сыртта тұрған автордың жанына жақындап:

 

 – Тоқаш аға, мынаған автограф қойып бересіз бе?, - деп, ақынның «Ескі паровоз» атты еңбегін парақшалайды.

 

Сонда Тоқаш аға:

 – Ұрлық кітапқа автограф қоюға болады ма екен? - деп жымияды.

 – Ақшамыз жоқ, қайтеміз, сондықтан осындайға бардық, - деп екі жігіт құтыла салады.

 

Сол кездегі қаржысы жоқ қарапайым жігіттер - бүгінде білдей «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім мен көрнекті ақын Есенғали Раушанов еді...

 

P.S. Бұрын жастар дүкен сөрелерінен кітап сатып алуға шамалары болмай, ұрлыққа барса да, кітапқа деген құмарлығын байқауға болады. Әрине, ұрлық жақсылыққа апармайтынын білеміз. Алайда, сол кездегі жастардың кітапты қолдан-қолға тигізбей, қастерлейтінін бағалауымызға болады. Ал, қазіргі оқырман мүлдем басқа... 

Бұл қызықты оқиғаны төменде көрсетілген видеода Аманхан Әлімнің өз аузынан ести аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

549

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз