+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Сатқын жазушы. Ол кім?!


1963 жылдың қарашасында Мәскеуде құрылған қазақстандық жастар ұйымы екі жыл көлемінде «Жас тұлпар» идеялық, құрылымдық жақтарынан толық қалыптасып, Қазақстаннан сыртта оқитын студенттер арасында филиалдар құрып болып, елмен тығыз байланыс орнатып үлгерді. Жастұлпарлықтар туған ауыл, өскен жерлерінде жәй үгіт-насихат жасап қоймай, Қазақстанның барлық жерінде болашақ құрылымдарға негіз жасады. 1965 жылдың күзінен бастап, 1966 жылы ақпанда Алматыда өтетін «Жас тұлпар» ұйымының республикалық мәжілісіне  дайындықтар жүргізді. Алматыда өткен жиынның бірінші күні Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжановтың өте мазмұнды ұлт тағдыры бағытындағы баяндамаларымен басталды. Жастардың сөздерінде ой деңгейлерінің жоғарылығы, жан-жақты терең білімділіктері, ең бастысы, ұлтының болашағы үшін отқа да, суға да түсуге дайындықтары айқын көрініс тапты. Баяндамашылардың репрессияға ұшырап, атылған ақын-жазушыларды ақтау, ауылдағы жастардың жағдайы, қазақ мектептерінің жабылуы туралы келелі мәселелерін қолдап Әнуар Әлімжанов, Сәкен Жүнісов, тағы басқа жазушылар сөз сөйледі. Жиналысқа қатысушы көпшілік қауым жастарды бірауыздан қолдады. Бірақ, қазақтың кертартпалығы таусылған ба, жас­тарды «Бүлікші, Алашорданың күшіктері өсіп, Кеңес өкіметін құлатпақшы», – дегендер де болды. Белгілі классик жазушымыз сол жиынның аяғына қарамай, шыққан бетімен алаңды қақ тіліп, жүгіре басып өкімет үйіне барып арыз айтты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1428

6 comments

  • Сәрсенбі, 15 Маусым 2016 12:00 талғат

    Білсеңдер не істейсіңдер?

  • Сейсенбі, 14 Маусым 2016 09:54 Жандос

    Ол Кім? Қай жазушы?

  • Сейсенбі, 14 Маусым 2016 09:02 Ерлан

    Сол екі қолын өкпесіне қойып алып- ұшып үкімет үйіне барған "белгілі" классик жазушының атын неге атамайсыздар? Әлде сіздер де "керітартпалық жасап біреудің аяғынан шалғалы отырсыздар ма?

  • Сейсенбі, 14 Маусым 2016 07:59 Руза

    Мақаланы түсінбедім. Жұмбақ деп қою керек болды онда атын?

  • Сенбі, 30 Қаңтар 2016 22:12 Адилет

    Ол жазушы ким айта аласыздар ма

  • Дүйсенбі, 02 Қараша 2015 18:09 Рахат

    Бүгіндері де бар ондайлар!Олардың жарнамасы да күшті... Өздері де пысық!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз