+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҚЫЗДАРДЫҢ ШЕШІНГЕНІНЕН ҰЯЛДЫМ...."


 – Вокзалдан түсе салдым да консерваторияға келдім. «Хореографиялық училище» деген жазуды көрдім де хор үйрететін оқу орны екен деп, құжаттарымды тапсырдым. Бірақ, әбден емтиханға келгенде мені өткізбей қойғаны, – деді Нұржұман Ықтымбаев.

Оның училищеге қабылданбауына оқу бітірген құжатында Байжұманов деп жазылған фамилиясы жеке куәлігінде Ықтымбаев деп көрсетілгені басты себеп болған екен.

– Мұны енді кім шешеді деп сұрасам, бір «пысықсымақ» мұғалімдердің бірі «министр шешеді» деді. Сосын расымен министр шеше ме десем, «иә» деді. Сөйтіп, Мәдениет министрлігіне тура тарттым. Қабылдау бөлмесіне барып министрді күтіп отырдым. Өзіне кіріп баруға батылым жетпеді, сосын хатшы қызға мән-жайды айттым да отыра бердім.

Тура бір апта өткенде жас Нұржұманға ұзақ күткен мәдениет министрімен кездесудің сәті түсіпті.– Есімнен әлі кетпейді, жұма күні болатын. Министр хатшы қызға: «мынау еден сыпырушының баласы ма? мұнда неге күнде отырады, үйіне жіберсейші» деді. Сосын хатшы: «жоқ, бұл бала сізді күтіп жүр» дегені сол-ақ екен, министр маған жалт қарады. Сосын мен де саспай барып «Ассалаумалейкум!» дедім. «Уағалейкум ассалам, қане жүр, қандай шаруамен жүрсің?» деп, мені өз бөлмесіне кіргізді. Жағдайды түсіндіріп едім, менің атымнан хатшы қызға арыз жазғызды да өзінің қолын қойып, училищенің директорына алып бар деп қайтарып жіберді, – дейді Нұржұман аға.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

555

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз