+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазаққа төнген зауал


-Шымыр ауылының тұрғыны Қапиза апайдың айтуы бойынша 1931-1932 жылдары ашаршылық  болғанда халықтың  жеуге тамақтары болмай,  олар бірін-бірі жеген.

«Мен ол кезде 7 жасар бала едім. Әкеміз  қайтыс болған соң шешем мені және 2-3 жасар сіңілімді алып, тауды асып Қарабөгеттегі өзінің төркіндеріне баруды ұйғарады. Жолда жейтін тамақ жоқ, бар-жоғы бір уыс бидайымыз бар, соны қорек еттік, бір-бірлеп жейміз. Одан қалса, даладағы ағаштың бұтағын сындырып соны соратынбыз, сүйек-саяқтарды теріп, қайнатып сорпасын ішетінбіз. Сорпа деген аты ғана, әйтеуір өлместің қамы ғой. Бір күні кеш батып қалғанда бір ауылға жақындап қалғанбыз. Шешем не де болса осы ауылға барып қонайық деді. Бір кезде қасымызға 2-3 адам келіп «біз сендерге тамақ, жұмыс береміз» деп үйлеріне алып келді. Түнге таман әлгі адамдар сіңілімді өздеріне тартып, ермек қылып ойнай бастады. Содан олар далаға шығып кеткенде, шешем үйді аралап, алашаның астын ашып көрді де, сіңілімді етегіне салып, мені қолымнан жетелеп қаша жөнелді. Әлгі адамдар бізді қуалап еді, жасырынып оларға таптырмадық. Әрең дегенде шешемнің бауырларының үйіне аман-есен жеттік. Кейіннен шешемнен әлгі алашаның астында не бар екенін сұрадық, ол оның астында адамдардың бастары, сүйектері жатыр екен деп жауап қатты. Осылайша ашаршылық кезінде бізді жеп қоя жаздаған» - деп аяқтады әңгімесін Қапиза апай.               

Барлықбаева Маржан.

 

Өлкетанушы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» кітабынан 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

393

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз