+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өнерге жасалған қамқорлық


Көкейден көкейге, ауыздан ауызға тарап 20 ғасырға дейін жеткен қазақтың  жауһар  1000 әні қалай жинақталды? Бастауында кім тұрды? Ұйымдастырған кім?  1923 жыл. 22 тамыз. Совнаркомның күн тәртібінде Халық әртісі Затаевичке қазақ халқының әндер жинағын бастырып шығаруға қаражат мәселесі қаралды. «Біз Затаевичтің еңбегін қанша айтсақ та, сонау ұшы-қиыры жоқ қазақтың дархан даласын аралап шығу ол кезде оңай емес еді. 1925 жылдар болу керек, Шығыс Қазақстан облысы жақта бір мектептің құрылысына бөлінген ақшаны, сол кездегі Совнаркомның төрағасы Сәкен Сейфуллин Александр Затаевичке тапсырма беріп, сол ақшаны алтын есебінде бөлдірген. Астына өгіз, жанына аудармашы берген. Осы құжат қазір С.Сейфуллин мұражайында сақтаулы тұр» - дейді ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов. 

 

 

P.S. Сәкеннен кейін қазақ өнеріне ерекше жанашырлық танытқан Темірбек Жүргенов. Ол Евгений Брусиловскийге  Алматыдан пәтер бергізіп, қазақтың жауһардай шашылған әндерін тергізген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

359

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз