+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жайылмай қалған дастархан


 -Мен Сәкеннен бір ұл, бір қыз тудым. Қызымның аты –Лаура , 1932 жылы Москвада рабфакта оқып жүргенде, жасы екіге толмай қайтыс болды. Сәкен өте балажан еді. Лауранын өліміне қатты қайғырды. Одан кейін 1936 жылы ер бала тудым. Сәкен оған да қатты қуанды.Атын « Аян» қойды. Аян бір жасқа толарда той жасауға әзірлендік. Тойға Қазақстанның басшылары Мирзоян, Садуақасов, Сегізбаев және басқа адамдар шақырылды, олар келетін болды. Аянның тойына арнап алдын-ала бірсыпыра жаңа заттар сатып алдық. Солардың ішінде төргі столға жаюға қол орамалымен осы ақ дастарқан алынған еді. Аян 1936 жылы 16 ноябрь күні туған. Той болмай, жаңа дастарқан жазылмай қалды. Тек, 1957 жылы Сәкеннің достары Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайлов, Мұхамеджан Қаратаевтарды үйге шақырып, ақ дастарқанды бірінші рет шешіп, дәм бердім» - дейді.

 

Сәкеннің жары Гүлбаһрам Сейфуллинаның естелігінен 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

770

1 comment

  • Жексенбі, 08 Қараша 2015 00:22 Ілебек

    "қызыл сұңқар" ақын өмірінің ақырғы сәтінде өкіндіме екен?

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз