+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өмірінің 80 жылын жаяу жүрумен өткізген қария


Жаяу жүру – тек дене ғана емес, өмірлік те қозғалыс. Жаяу жүрген адамның денесіндегі барлық ағза мүшелері қимыл-қозғалысқа түседі.  Өкпеге де пайдасы мол, ал тыныс алу жолдары  кеңейеді. Адам терісінің жақсаруына және жасаруына әсер етеді.


Жасы сексеннің сеңгірінен асқан қария Махабат Түсіпбек апта сайын тау аралып, бір таудан екінші тауға асады. Сондықтан болар, әлі күнге дейін өзін сергек сезінеді, жеңіл қозғалады. Тіпті, сонау Меккеге дейін жаяу барып келген. «Жүру – ол әмір. Таңертең тұрып, жаттығуымды жасап болғаннан кейін жүргім келіп тұрады. Егер жүрмесем, денем қатып, көңілім түседі», - дейді ол. 

 

Таза ауада серуендеп қыдырып жүрудің, сондай-ақ, жаяу жүрудің адам ағзасына пайдасын ерте сезінген Махабат Түсіпбектің уақытты қалай өткізетінін көргіңіз келсе, төмендегі видеоға үңіліңіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

439

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз