+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КІМ КІНӘЛІ?!


Қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлы туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабын шығарамын деп жазушы Әзілхан Нұршайықовтың басы шырғалаңға қалған. Неге? Бас кейіпкер Кеңес Одағының батыры атағын, үлкен әскери шен ала алмаған. Оның барлығы кітаптағы сұхбатта Бәукең ата жіпке тізген. Ақиқат жазылған кітапты  баспаның бас редакторы  Есет Әукебаев жібермей қойған. КГБ-нің адамы. Әзілхан аға Есетке келіп жағдайды қайта-қайта айтып қоймағасын, жорта бастыртуға қол қойған. Түптелетін кезде, кітапты парақтап жырту басталған. Әдейі, автордың абыройын төгіп, кітап редакорының жалақысын кесу үшін. Сөйтіп, Қабдеш Жұмаділов жарты жыл мардымсыз айлықпен жүріпті. Оны елден естіген Әзілхан аға әйелі Халимамен екеуі үйіне толық  жалақысын қолма қол әкеліп беріпті.

 

   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

612

1 comment

  • Сенбі, 07 Қараша 2015 18:48 Марат

    Өте жақсы сұхбат!Шынайы шындықты айиқан.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз