+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ғасырлар бойы тонаушылар таппаған «Алтын адам» қалай анықталды? (ВИДЕО)


Тарихта тонаушылар «Алтын адамды» бірнеше рет іздегенімен, таппағаны мәлім болды. Ал археологтар болса, тонаушылардың тауып алғаны не таппағандарынан беймәлім еді. Сонда да  Елбасының тапсырмасымен қазба жұмыстарына кірісті.

 

Археолог Бекен Нұрмұханбетов бастаған топ іздеу жұмыстарын бірнеше ай жүргізгенмен, нәтижеге қол жеткізе алмай, үйлеріне жол жүруге жиналады. Өйткені сол жерде кәсіпорын құрылысы басталуы керек болатын... Бірақ тонау әрекеттері болғанымен, «Алтын адамның» әлі күнге дейін табылмағанын түсінде көрген археолог, кететін кезде күн сәулесі түсіп тұрған кішкентай ғана дөңгелек жерді соңғы рет трактормен қазып көруді ұсынады. Кенеттен топырақ астынан қабірдің бір бөлшегі көрінеді. Ол Есік қорғанының қақ ортасындағы негізгі қабірдің шетінде орналасқан еді. Ең қызығы, оның мұнда екендігі ғасырлар бойы тонаушылардың ойына да келмеген. Ал ғалымдар құпия орынды кездейсоқ тапты. Киімі 4000-нан астам алтынмен әшекеймен безендірілген, бүгінде Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» қалай әшкереленді? Бұл құпияны төмендегі видеодан көре аласыздар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

764

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз