+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әйел ме әлде еркек пе?!


"Енді тыңдаңдар, сүйекті ақырындап аршимын, аршимын егер еркек ретінде менде сезім оянса онда көрде жатқан мүрде әйелдің сүйегі болғаны, егер еркек болса менде әйелге оянған сезімдей сезім мүлде оянбайды",-дейді әйгілі археолог Бекен Нұрмұханбетов. Сонымен, сәукелеге ұқсас баскиім киген Есік қорғанынан табылған Алтын адамды қазірде ханзада деп жүрміз. Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Сақтардың ерлері де сәукеле киген бе? Әлде Алтын адам деп жүргеніміз шынында, әйел ме?

 Тарих ғылымдарының кандидаты Еділ Ноянұлы Алтын адамның ханзада емес, ханшайым болуы мүмкін дегенді алға тартты. «Олай деуге де негіз бар. Қорғанның ішіне үңілсек, қабірдің оңтүстік және батыс жағында 26 қыш ыдыстың орналасқанын көруге болады. Ортасында басы батысқа қаратылған адам қаңқасы табылды. Мәйіт тұрқының ұзындығы – 165 см. Бұл көрсеткіш әйел адамға тән өлшем деуге болады. Ол алтынмен әрленген сәнді киім киінген. Баскиімі шошақ түрінде болып келеді. Биіктігі – 70 см-дi құрайды. Баскиімнің маңдайшасында алтыннан жасалған мүйізді (пырақты), қанатты жылқы бейнелері берілсе, баскиімнің екі жақ бүйірі тау сілімдері, ағаштар, барыс, таутеке бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Шошақ баскиімнің ең ұшында алтын арқар бейнесі бекітілген. Тағы бір ерекшелігі баскиімнің төрт жағын ала орналасқан құс қауырсыны түріндегі алтын қауырсындармен әрленген, сырты алтын фольгамен оралған төрт жебе бекітілген. 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1671

1 comment

  • Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 12:09 Бақытнұр

    Қандай өзгеріс болады, ол әйел болғанда не тұр. Әлемді онсызда еркектер әйелдер арқылы билеген.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз