+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АРХЕОЛОГИЯДА АШЫЛМАЙ ҚАЛА ЖАЗДАҒАН "АЛТЫН АДАМ"


Алтын адам 1967-69 жылдары археолог-ғалым Кемал Ақышев басқарған экспедиция жұмысының нәтижесінде Алматы маңындағы Есік қорғанынан табылғаны белгілі. Бұл нақты тарихи дерек. Алайда кейбір ғалымдарымыз Алтын адамды Есік қорғанының маңында ойнап жүрген балалар тауып алған деседі, кейбіреулер бұл тарихи құнды жәдігерді ұлты башқұрт қарапайым жүргізуші тауып алған деген деректерді де келтіреді. Дегенмен Есік қорғанынан табылған Алтын адамды өз қолымен аршып алған экспедиция мүшесі археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұхамбетұлы баспасөз беттеріне берген сұхбаттарында обаның қалай табылғанын, экспедиция жұмысының қалай жүргенін бүге-шүгесіне дейін айтып жүр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

727

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз