+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ халқының ұлттық би түрлері

  • 09.11.2015

Халықтың «Кербез» күйінің негізіне қарап қойылған «Кербез» биінің мағынасын білесіз бе?

 

Күй туралы мынадай аңыздан бастасақ. 19 ғасырда Батыс Қазақстанда өмір сүрген Құлшар есімді домбырашы күй тартып отырғанда үйіне қолында ұршығы бар кемпір кіреді. Құлшар тартып отырған күйін аяқтағанда, оның күй тарту шеберлігі туралы айта келіп, кейуана:

 

- Мынау менің қыз күнімде жүрісімнің кербездігіме арнап тартқан «Кербез» күйім еді деп, осы күйді орындаған екен.

 

Міне, аты айтып тұрғандай «Кербез» күйі ауылдағы қазақ әйелінің, қыз-келіншектердің кербездігін, сұлу болмысын айшықтайтын туынды. Негізгі нысан – ұршық болған соң, биде оны қалай қолдану керектігін,  жүн түту, оны дұрыс иіру жолдарын қимыл-ырғақтары арқылы көрсетеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз