+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЛИХАН АТА МІНГЕН ТАРАНТАС....


 

Қос күреңді жегіп, Әлиханды үйінен алып жұмыс орнына жеткіздім де, түсте қайта үйіне апардым. Ол күймесінен түсті де үйіне бір кіріп шығып, менің қарсылығыма, ұялғаныма қарамастан, үйге кіргізіп, түскі асын бірге ішті.

Үшінші күні «Әй, бала, танысайық», – деді, ас ішіп отырып.

– Бір тиянақты бала екенсің, қай елсің? Қайдан жүрген адамсың?

– Төре, мен Торғауындікімін.

– Торғауында кімнің баласысың?

– Әдиманның.

– Ой, Алла, әлгі диірменші Әдиман ба? Әкең тірі ме?

– Тірі.

– Мен Әлихан Бөкейхановпын. Желтаудағы Нұрмұханның баласы – Менмін, – деді.

Танысып, көріскен соң, ол әңгімесін жалғап: «Әй, бала, сен мына ақшаны (бір бума ақша) ал да, өзіңе керекті ат, жөні дұрыс киетін киім ал. Сосын үнемі тырнағың мен шашыңды алып таза жүр,-деді.

 

 

Әлихан Бөкейхановтың атқосшысы болған Рамазан ақсақалдың естелігі  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

498

1 comment

  • Сәрсенбі, 11 Қараша 2015 19:35 Жандос Смағұлов Мен де Тоқырауыннанмын.

    ЖАЗЫП АЛУШЫ ҚАТЕ ЖІБЕРГЕН: ТОРҒАУЫН ЕМЕС, ТОҚЫРАУЫНДІКІМІН БОЛУ КЕРЕК, ОЛ ҚАЗІРГІ АҚТОҒАЙ АУДАНЫ, КЕЗІНДЕ ТОҚЫРАУЫН БОЛЫСЫ БОЛҒАН. ӘЛЕКЕҢНІҢ ДИРМЕНШІ ӘКЕСІН ТАНЫП ОТЫРУЫНЫҢ СЕБЕБІ СОНДА. ТҮЗЕТУ КЕРЕК.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз