+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫ БҰЙЫРМАЙ...


Бар-жоғы екі жарым шаршы метр шұңқырға 5 мыңнан астам адамның мәйіті өртеліп, күлі бір шұңқырға көмілген қандай қасірет десеңізші?! Алаштың  зиялысы Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақтың  мәйіті крематорияда өртеліп,  Мәскеудегі Дон қорымындағы шұңқырға төгілді. 1937 жылы 25 қыркүйекте Нығмет ата атылып, өртеліп күлі шұңқырға тасталса, араға күн салып Әлихан атаның да өмірі мен өлімі осы жағдайды құшты. Тәуелсіздік алғанға дейін осы қос арыс құжат жүзінде ақталғанымен, қаралы бейітті Кеңес жүйесі құлап тынғанға дейін жария етпеді. «Хан баласында қазақтың хақысы бар, қазаққа қызмет етпей қоймаймын»,-деп өз-өзіне ант еткен Әлиханның рухын шынымен мына тәуелсіз ел екеніміз рас болса ақиқаты анықталған күні, Смағұл Сәдуақасовтың күлі секілді елге ресми жеткізіп, туған жердің жер бесігіне қайта жерлер едік. «Ортақ күлден кімдікі екенін қайдан ажыратамыз?»,-деген сауалдың бұл жерде қажеті шамалы. Ырым етіп, күлі арқылы  рухын атамекенге жеткізсе болды емес пе?Осы орайда Мәдениет министрі Арыстан Мұхамедиұлы ана ұлттық пантионды  бұрын ойласа қайда қалды? Неге сол пантион деген пейіштің төрінде қазақ үшін ажал құшқан Алаш арыстарының бейіті тұрмайды. Өскелең ұрпақ осы зиялыларымызға тағзым ете отырып, дұға бағыштап тәуелсіздіктің шынайы бағасын білер еді.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

413

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз