+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қажымұқанның 100 мың сомға жасатқан ұшағы


Өмірін күрес өнеріне арнаған қазақтың алыбы, кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы Ұлы Отан соғысы кезінде халық арасында өнер көрсетіп, қаражат жинайды. Сол жиналған қаражатына жеңіл ұшақ жасатып, майданға жібереді.

Балуанның 100 мың сомға жасатқан ұшағы өз өтініші бойынша қазақ ұшқышына беріледі. Қажытай Шалабаевқа бұйырылған ұшақты ұшқыш-ардагер былай деп еске алады:

 

- Соғыстың ауыр күндерінің бірінде жаудың жерін бомбалап, ротаға шаршап келіп ұйықтадым. Таңертең тұрсам: «Кажытай, поздравляем, у тебя богатые родственники! Тебе подарили самолет!», - деп шулайды ротадағылар.

- Мүмкін емес, менде ондай туғандар жоқ. Қателескен болар, - деп мен де сенбеймін.

- Нет Кажытай, это правда. Тебя вызывают в штаб-армию, там и тебе подарят, - деп қуантады.

 

Қажымұқанның өтінішімен қазаққа ұсынылсын деп өз еңбегіне жасатқан ұшағы – халқына, қанына деген жанашырлығы, қазақ деп соққан үлкен жүрегі еді...

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

715

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз