+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жүсекеңнің көз-жасы


...Түнгі сағат ондар шамасы. Әуежайда Шәкеннің денесін әкелетін ұшақты күтіп тұрмыз. Ел көп жиналған. Ығы-жығы. Біреуді біреу біліп болмайды. Қашан келеді екен деп асыға күтудеміз. Шәкен дәл бір алыс жолдан келе жатқандай, сағынып қарсы алатындаймыз. Ақыры, күткен ұшақ та келіп қонды. Күтіп тұрған көпшілік лап қойды, оларды тоқтатқан кісі болған жоқ. Алайда, не керек... Аңсаған көңіл, алып-ұшқан жүрек сағымды қуған елес­тей болып, тоқырап қала берді... Сонда бір таңқалғаным, Жүсекең бұл күндері жылауды қойып, ешкіммен сөйлеспей, жекеленіп үнсіз жүретін болды. Тіпті мәйітті інісі Кәукен Кенжетаевтың үйіне әкелгенде де жанарын жасқа шыламады. Екі жағы суалып, өңі қуарып кеткен. Әншейінде көңілі бос, жаны нәзік, жүрегі жұмсақ Жүсекеңнің жыламай бекініп алғанына, ешкіммен сөйлеспей, үнсіз сілейіп тұрған жүзіне қарап, жұрт та аң-таң. Бәлкім, көз жасын көрсетіп, он­сыз да қайғыдан қан жұтып отырған Шәкеннің туысқандарын аяйтын шығар деп ойладым. Содан бір уақытта маған кел­ді де: «Үйге барамын, кілтті бер», – деп, біреу күтіп отырғандай асыға басып жүріп кетті.

 

Үйге келіп, арқалы төсекке шалқая басын қойған күйі, баяулаған зарлы үнмен Тоқбайдың «Екі жиренін» домбырасына қосылып айтып отырса керек. Көзінен парлаған жас омырауын жауып кеткен.

Хабиба Елебекованың естелігінен үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

604

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз